2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бөлінетін бюджет шығыстары 15,1%-ға өсті

Две квартиры, дом и 10 машин купили руководители финпирамиды «Nazira Gold» на деньги вкладчиков
Фото: freepik

2026 жылы республикалық бюджеттің әлеуметтік-еңбек саласына арналған шығыстары 6 трлн 833 млрд теңге көлемінде көзделген, деп хабарлайды CMN.KZ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға, яғни 897,7 млрд теңгеге көп.

«Әлеуметтік-еңбек саласына бағытталған шығыстардың ЖІӨ-дегі үлесі 3,7%, ал республикалық бюджеттегі үлесі 24,6% болды«, – делінген хабарламада.

Көзделген шығыстардың 99,3%-ы, яғни 6 трлн 783 млрд теңге азаматтарға арналған әлеуметтік төлемдерге бағытталады. Оның ішінде:

  • 4 трлн 890 млрд теңге – зейнетақымен қамтуға (бұл 2,6 млн зейнеткерді қамтуға мүмкіндік береді);

  • 1 трлн 893 млрд теңге – жәрдемақыларды төлеуге (шамамен 2,3 млн адамды қамтиды).

Қалған қаражат мүгедектігі бар қазақстандықтарға протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге, есту қабілеті бұзылған балаларды есту-сөйлеу арқылы оңалтуға, реабилитациялық орталықтар салуға, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін ұйымдастыру қызметтеріне және өзге де қажеттіліктерге жұмсалады.

Министрлікте қазіргі уақытта республикалық бюджет есебінен 41 түрлі әлеуметтік төлем жүзеге асырылып жатқанын еске салды. Олардың қатарында базалық және ынтымақты зейнетақылар да бар.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска