2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында қазына 7,6 трлн теңге түсті – бұл жоспарланғаннан 925 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды CMN.KZ
Қаржы министрлігінің жедел деректеріне сәйкес, бюджет кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,7%-ға өсті.
«Жоспар бойынша 6,7 трлн теңге көзделіп, іс жүзінде 7,6 трлн теңге түсті. Яғни, жоспар 925 млрд теңгеге артық орындалды. Былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 1,4 трлн теңгеге немесе 21,7% артты», – деп атап өтті министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл ретте республикалық бюджет 102,3%—ға орындалды, яғни 4,4 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 971 млрд-қа көп.
Жергілікті бюджеттер де жоспарды 34,5%-ға асыра орындап, 3,2 трлн теңге жинады. Өткен жылға өсім – 387 млрд теңге құрды.
Министрліктің мәліметінше, цифрландыруды қоса алғанда, салық және кедендік әкімшілендіру жұмыстары арқылы қосымша 300 млрд теңге түсті.