Жаңартылған Негізгі заң қабылданған жағдайда Қазақстанда Конституция күнін атап өту күні өзгеруі мүмкін. Бұл туралы сенат кулуарында палата төрағасы Маулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ.
Оның айтуынша, түпкілікті шешім референдумда азаматтардың ерік білдіруіне байланысты болады.
«Азаматтар өздері қалай дұрыс деп санаса, солай дауыс беруге құқылы. Референдумның мәні де – қоғамның пікірін есту. Қандай шешім қабылданса, сол жүзеге асады. Егер жоба қолдау тапса, бізде жаңа Конституция пайда болады, ал 15 наурыз Конституция күніне айналады», – деді ол.
Осылайша, құжат мақұлданған жағдайда қазақстандықтарды мемлекеттік басқару жүйесінің жаңаруымен қатар, басты мемлекеттік мерекелердің бірінің жаңа датасы күтіп тұр.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз