12 жылға дейін бас бостандығынан айыру: Қазақстанда медицина қызметкерлері мен "жедел жәрдем" жүргізушілеріне шабуыл жасағаны үшін жаза күшейтілді

Токаев
Фото: Акорда

Тиісті заңға бүгін, 2026 жылғы 3 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды CMN.KZ.

«Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстанның Қылмыстық кодексі 380-3-баппен толықты. Ол «Медициналық қызметкерге немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатері немесе күш қолдану» деп аталады.

Не өзгерді?

  • Медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне күш қолданамын деп қорқытқаны үшін
    200–500 АЕК көлемінде айыппұл, не сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру көзделген.
    Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда – 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.

  • Өмірге және денсаулыққа қауіпті емес күш қолданғаны үшін
    500–1000 АЕК айыппұл, не сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.
    Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.

  • Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолданғаны үшін
    5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
    Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда – 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Заң медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадаларының қауіпсіздігін күшейтуге және олардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска