12 сәуірде Қазақстанда жаңбыр мен найзағай күтіледі

Сильный дождь обещают в понедельник в Алматинской области - прогноз погоды
Фото: pixabay

Синоптиктер жексенбі күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болатынын ескертті, деп хабарлайды CMN.KZ

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 12 сәуірде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Сондай-ақ республика бойынша:

  • тұман түседі;
  • жел күшейеді.

Бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Атап айтқанда:

  • Түркістан облысының солтүстігінде;
  • Жамбыл облысының батысы мен оңтүстік-шығысында;
  • Алматы облысының солтүстігі, батысы, шығысы және орталығында;
  • Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында;
  • Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде;
  • Абай облысының оңтүстігінде.

Мамандар тұрғындарға ауа райының өзгерістерін ескеріп, сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска