Әлеуметтік желілерде 10 миллион теңгеге дейінгі гранттар туралы хабарламалар пайда болды. Мұндай жарияланымдардың авторлары пайдаланушыларға сыртқы сілтемелерге өтіп, аккредитация өттпеген ұйымдарда оқу ақысын төлеуді ұсынады, деп хабарлайды CMN.KZ
Астана Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бұл ұсыныстар елорда әкімдігімен байланысты емес және бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысы жоқ деп мәлімдеді.
Басқарма өкілдері мемлекет кәсіпкерлерге көмек көрсету бағдарламаларын өтеусіз негізде жүзеге асырып жатқанын еске салды. Мұндай жобаларға қатысуға өтінімдер міндетті төлемдерді немесе ақылы оқудан өтуді талап етпейді.
Шенеуніктер қала тұрғындарын қырағылық танытуға, күмәнді сілтемелерден өтпеуге және жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге шақырды.
Кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы өзекті ақпаратты мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарынан ғана табуға болады.

