Өскемен тұрғыны синтетикалық есірткіні өз еркімен тапсырғаны үшін ақшалай сыйақы алды, деп хабарлайды CMN.KZ
ШҚО прокуратурасының мәліметінше, есірткіні ерікті түрде тапсыру «STOP наркотик!» жобасы аясында жүзеге асуда. Бұл бастама есірткі қылмысына қарсы күреске көмектескендерді ынталандыруға бағытталған.
«Жүгінген әр азаматқа құпиялылық, қауіпсіздік және расталған ақпарат үшін ақшалай сыйақы кепілдендіріледі», – деп хабарлады ведомство.
Бір жыл ішінде тұрғындардың хабарламалары бойынша 12 қылмыстық іс тіркеліп, заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық зат тәркіленген. Жалпы төленген сыйақы көлемі 3 млн теңгеден асты.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз