Астанада әуежайды ауқымды дамыту жоспарлануда. ҚР Көлік министрлігі мен Terminals Astana Airport Limited компаниясы (Terminals holding құрамына кіреді, БАӘ) ұзақ мерзімді инвестициялық келісім жасасты. Инвестицияның жалпы құны 1,1 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды CMN.KZ
Құжатқа сәйкес, кешенді жоба келесі нысандардың құрылысын қамтиды:
- екінші ұшу-қону жолағы;
- үшінші жолаушылар терминалы;
- cargo-жүктерді өңдеуге арналған терминал.
Сондай-ақ, инвестор индустриялық — логистикалық аймағы мен қонақ үйлері, сауда алаңдары, логистикалық терминалдары бар бизнес-кластерді қамтитын көпфункционалды аэротрополис кешешін дамытуды жоспарлап отыр.

Бұдан басқа, арнайы техника паркін жаңарту, цифрлық шешімдер мен автоматтандыру жүйелерін енгізу, әуежай қызметкерлерін кезең-кезеңімен оқытып, біліктілікті арттыру жұмыстары жоспарланды.
ҚР Көлік министрлігі мен БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрлігі арасында автомобиль көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар техникалық біліммен, дағдылармен және озық тәжірибе алмасуға ниетті.
Бүгінгі таңда Қазақстан автотасымалдау саласында 42 Үкіметаралық келісім жасасты және БАӘ-мен жаңа әріптестік елдің Таяу Шығыспен көлік байланысын күшейтуге мүмкіндік береді.