Ақтаудағы бұрынғы президент резиденциясының орнына стадион, мешіт және балалар алаңдары салынады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жергілікті тұрғындармен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, 225 гектарлық аумақта 10 мың адамға арналған стадион, мешіт, балалар алаңдары және шағын және орта бизнеске арналған нысандар салынады.
«Бұл аумақ қаланың бас жоспарына енгізілді. Қазіргі уақытта келісім және мемлекеттік сараптамаға дайындық жұмыстары жүргізілуде», — деді Нұрдәулет Қилыбай.
Еске сала кетейік, «Самал» ықшам ауданында орналасқан бұл жер учаскесі 2023 жылдың жазында мемлекет меншігіне қайтарылған болатын. Бұған дейін оның құны шамамен бір миллиард теңгеге бағаланған еді.