Бүгін «Орталық» стадионда өтетін «Астана» мен «Челси» матчының әсерінен Алматының бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды CMN.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Жол қозғалысына шектеу уақыты:
18:30–00:00.
Жабылатын учаскелер:
- Абая даңғылы: Бәйтереков көшесінен Мұқанов көшесіне дейін.
- Сәтпаев көшесі: Бәйтерековтен Байзақовқа дейін толықтай жабық.
Полиция патрульдері жақын маңдағы көшелерде қызмет атқаратын болады. Қала тұрғындарына маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарау сұралды.
«Челси» футболшылары Алматыға бүгін түнде келді. Команданы қаланың -14 градус суық ауа райы қарсы алды. Олардың жылы киінген суреттері әлеуметтік желіде жарияланып, жанкүйерлердің қызу талқысына түсті.
Бүгін, 12 желтоқсан, жергілікті уақыт бойынша 20:30-да басталады.
Англиялық клубтың бас бапкері Энцо Мареска Алматыға 20 ойыншыны алып келді.