Талғарда қайтыс болған жасөспірім Шерзат Полаттың 30 жастағы ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өмірінің соңғы сәттеріндегі жазбасын полиция жария етті, деп хабарлайды CMN.KZ.
Алматы облыстық полиция департаменті Ғайыпбаевтың туысымен соңғы сөйлескен хабарламаларын көрсетті. Онда Нұрғанат өзінің өкініштері мен өтініштерін жазып, племяннигінің қасына жерлеуді сұраған.
«Аға, мені кешір. Қолымнан келгеннің бәрін істедім, бірақ бауырымызды бізден тартып алды. Ол Алланың қалауымен кетті. Сенің өмір сүргеніңді қалаймын, біз үшін кек алуың керек. Бірақ менің қателігімді қайталама. Сенің ұлың мен қызың бар, оларды ойла. Мені Шерзаттың жанына жерлесен, басқа ештеңе сұрамаймын. Мен сені қатты жақсы көремін», — деп жазған ол.
30 жастағы Нұрғанаттың денесі 9 желтоқсан күні Талғардың шетінде табылды. Алдын ала деректер бойынша, марқұм өз-өзіне қол жұмсаған.
Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Полат жанжал кезінде ауыр соққы алып, қайтыс болған еді. Қайғылы жағдайдан кейін оның туыстары әділ тергеу талап етіп, митингке шықты. Алайда 12 қазанда олардың үйлері өртеніп кетті. Бас прокуратура істі бақылауға алды.
Шерзаттың өлімі елдің назарын аударды. Бірақ жергілікті тұрғындар бұл тек «мұзтаудың ұшы ғана» екенін, көптеген қылмыстардың жабулы күйде қалып жатқанын айтады.