Таразда тамыз айында автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған ер адам Алматыда ұсталды, деп хабарлайды CMN.KZ.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 тамызда Тараз қаласында болған. Жолаушы мен автобус жүргізушісі арасында жанжал туындап, күдікті пышақпен жүргізушіге ауыр жарақат салған.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті М.М. Алматы қаласында ұсталды. Оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды», – деп хабарлады департамент өкілдері.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты тергеу амалдары жалғасуда.