Алматы маңындағы Алмалыбақ ауылында құмға көмілген 51 жастағы ер адамның денесі табылды. Марқұмның мойнына жіп байлап, тұншықтырып өлтірген соң, қараңғы түнде айдалаға апарып, көміп тастаған. Бұл туралы CMN.KZ хабарлайды.
Анықталғандай, қайтыс болған азамат Алматыдағы ломбардтардың бірінде бағалаушы қызметін атқарған екен. Қанды оқиғаға байланысты төрт күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілердің болжамынша, қылмыстың негізгі себебі – ақшаға деген ашкөздік болуы мүмкін.
Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысының Гвардейский ауылында 17 жастағы қыздың көпқабатты үйдің астынан денесі табылған еді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім терезеден секіріп кеткен, ол достарына қоштасу хат жазып үлгерген.