Ресей мен Қазақстан шекарасында алапат өрт орын алды. Бұл табиғи апат Жітіқара ауданында басталып, өрт тез арада Қазақстан аумағына өтті, деп хабарлайды CMN.KZ.
ТЖМ ақпараты бойынша, желдің екпіні мен жердің шалғайлығына қарамастан, өрт сөндірушілер дереу әрекет етті. Қазақстандық құтқарушылардың, шекара қызметі мен өзге де органдардың үйлесімді жұмысының арқасында 1400 шаршы метр аумақтағы өрт тоқтатылды.
Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ, ал өрттің әрі қарай таралуына жол берілген жоқ.