4 қазанға қараған түні Талғар қаласының көшелерінде айқай-шу естілді. Жас жігіттердің арасында туындаған кикілжің оқ атуға ұласып, екі жігіттің өмірін талқандады, деп хабарлайды CMN.KZ.
Алматы облысы полиция департаментінің ақпараты бойынша, екеуі аудандық ауруханаға ауыр жарақаттармен жеткізілді, өкінішке қарай, біреуі жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Қанды оқиғаға байланысты полиция кісі өлтіру ісін қозғады, жанжалға қатысқан барлық азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық қатысушыларын қолға түсіріп, тергеу амалдарын жүргізуде. Жанжалдың себебі мен оның қалай басталғаны анықталып жатыр.
Тергеу шараларының ішінде оқиға куәгерлерінің сөздері тыңдалып, барлық қатысушыларға қатысты мәліметтер жинақталуда. Алайда, тергеу мүддесі үшін істің толық жай-жапсары жарияланбайды.