Астанада бір күннің ішінде екі қайғылы оқиға тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жағдай да Highvill тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды CMN.KZ
Дереккөздердің мәліметінше, биік тұрғын үйдің терезелерінен екі адам секіріп кеткен. Олардың бір-біріне қатысы болмаған. Алған жарақаттарынан екеуі де оқиға орнында қаза тапты.
«Полицияға Астанадағы “Хайвилл” тұрғын үй кешенінің аумағынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Тексеру барысында оның жеке басы анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзіне-өзі қол жұмсаған», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінде.
Сол күні елорданың басқа ауданында тағы бір қайғылы жағдай орын алды: тұрғын үйдің 18-қабатындағы алаңнан Астана тұрғыны құлап кеткен. Әйел адам қаза тапты.
Аталған екі дерек бойынша да полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

