Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Жангелді Ахметовтың жетекшілігімен Шри-Ланкадағы өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында тарихи жетістікке жетті. Спортшылар барлық алтын медальдарды жеңіп алды, деп хабарлайды CMN.KZ
Турнирге Азияның 21 елінен келген спортшылар қатысты. Медальдар 12 салмақ дәрежесінде ойналды.


«Финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды», – деп атап өтілді ҚР Туризм және спорт министрлігінде.


Чемпион атанған боксшылар:
- 48 келі – Айым Танкибаева;
- 50 келі – Сила Биболсынқызы;
- 52 келі – Рахмина Абдумежитова;
- 54 келі – Жанель Имантаева;
- 57 келі – Ақнұр Тұрсынғали;
- 60 келі – Толғанай Қасымхан;
- 63 келі – Алина Құдайгенова;
- 66 келі – Ақбота Есімбекова;
- 70 келі – Мария Сидоренко;
- 75 келі – Зарина Толыбай;
- 81 келі – Құралай Егінбайқызы;
- +81 келі – Сабина Жақсылық.