Қазақстанның президенті көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды CMN.KZ
Тоқаев Қасқабасовтың тілтанушы және әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері болғанын атап өтті.
«Сейіт Асқарұлы ұлт руханиятын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін терең зерделеуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы тұлға еді. Әсіресе, отандық фольклортануға өлшеусіз үлес қосты. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұстаз ретінде көптеген шәкірт тәрбиеледі», – деп жазылған жеделхатта.
Президент өнегелі өмір сүріп, соңына рухани мол мұра қалдырған Сейіт Асқарұлының жарқын бейнесі ұмытылмайтыны атап өтті.
Сейіт Қасқабасов 1940 жылы Семейде дүниеге келген. Қазақ КСР Ғылым Академиясында, Мәскеудегі әлемдік әдебиет институтында, сондай-ақ Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында жұмыс істеді.
1980 жылдардың аяғында кеңес заманында қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ мәдениет қайраткерлерін оңалтуға қатысты.
Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сейіт Қасқабасов Ұлттық ғылым мен мәдениетте елеулі із қалдырды.