Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бастапқы материалдардың 73%-ан астамы цифрландырылған, ал жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 97%-ға жетеді, деп хабарлайды CMN.KZ
«Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында бүгінде 66 мыңнан астам геологиялық есеп қолжетімді. Біз саланы жүйелі цифрландыруды жалғастырып жатырмыз және 2026 жылға қарай барлық деректер массиві толығымен электрондық форматқа көшірілетін болады», – деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан үкімет отырысында.
Бұған дейін геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша алтын қорларының өсімі шамамен 98 тоннаны құрап, бес жаңа кен орны алғаш рет есепке қойылғаны хабарланған болатын.
