13 тамызда Беловка-Қалқаман тас жолындағы Солветка ауылының маңында жол – көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды CMN.KZ Павлодар облысы полиция департаментіне сілтеме жасап
Полицияның мәліметінше, бұл учаскеде Toyota Ipsum және Toyota Camry автомобильдерінің соқтығысуы орын алған. Соққы нәтижесінде екі жүргізуші де сол жерде көз жұмды. Бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары белгіленуде.
Полиция жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе тәуекелі жоғары жерлерде, сондай-ақ сапар алдында автомобильдердің техникалық жағдайын үнемі тексеріп отыруды ескертеді.