Тасқала аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғынынан оның кәмелетке толмаған қызының жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Анасының айтуынша, қыз дүкенге оның танысымен бірге шығып, кейін оралмаған, деп хабарлайды CMN.KZ

Полиция жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін дереу ұйымдастырды. Іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық қол жетімді күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті еріктілер тартылды.

Келесі күні полиция қызметкерлері баланың жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы ер адамды ұстады. Ол қыздың жүрген жерін көрсетті.

«Жасөспірім қыз ауыл шетінде аман-есен табылды. Оған қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Алдын ала ақпарат бойынша оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», — деп түсіндірді БҚО ПД.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Typicaluralsk жазғандай, қыз зорланған, алайда полиция бұл ақпаратты әлі растаған жоқ. Сондай-ақ, ер адам ұрлық үшін жазасын өтегеннен кейін шамамен екі жыл бұрын түрмеден шыққаны белгілі.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы резонанстық іс бойынша үкім шығарды. Сотталушы, жәбірленушінің ағасы максималды мерзімге — 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version