Алматы облысында, БАКАД-қа шығуға жақын жерде мопед пен ауыр жүктің қатысуымен апат болды, деп хабарлайды CMN.KZ

Алдын ала ақпарат бойынша, мопедист батыс бағытта келе жатқан. Жолдың бір бөлігінде ол жүк көлігімен соқтығысқан. Соққы соншама қатты болғандықтан мопед жүргізушісі ауыр жарақат алып, дәрігерлер келгенге дейін қаза тапты.

Алматы облысының ПД, бізге аталған факті бойынша тексеру басталғанын хабарлады.

https://cmn.kz/wp-content/uploads/2025/11/1849136540_aqpw9hc_s_thav0w0nzcxshuxzjfkmonq60dq_pj7t9_xylcxiur.mp4

Бұған дейін Абай облысында ЖКО-да ММА бойынша Азия чемпионы қаза тапты. Онымен бірге тағы екі досы көз жұмды. Жастар Астанада өткен турнирге қатысқаннан кейін отбасыларына үйлеріне қайтуға жолда болған. 

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version