Оқиға 2024 жылдың қараша айында Майқайың ауылында болды. Онда екі ер адам колледждің кәмелетке толмаған студенті мен оның мекпетпе оқитын інісін зорлады, деп хабарлайды CMN.KZ
2025 жылдың 19 қыркүйегінде екі сотталушыға қатысты үкім шығарылды. Іс жабық режимде қаралды.
«Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, куәгерлермен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдермен дәлелденді», – делінген сот хабарламасында.
Жеңілдететін жағдайларды ескере отырып, еркектердің бірі 22 жылға, екіншісі 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екеуіне де өмір бойы педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарға тыйым салынды.
Жәбірленушілер өкілінің моральдық зиянды өтеуді өндіріп алу туралы талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы қыз сабақ кезінде ауырып, оны дәрігерге апарған кезде кездейсоқ белгілі болды.
Тексеру барысында оның жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталды. Кейінірек қыз мұндай әрекеттер оған ғана емес, інісіне де жасалғанын мойындады.